«Хакім Абай мұрасы – қазақ ұлтының шамшырағы»

2020 жылдың 11 қарашасында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасы исламтану мамандығының 1 курс куратор-эдвайзері Е.Әскенұлы студенттермен «Хакім Абай мұрасы – қазақ ұлтының шамшырағы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің мән-маңызы, Абай ілімінің қазақ халқының өмірінде алар орны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Исламтану мамандығының 1 курс студенті Р.Аралбай А.Құнанбайұлының шығармашылығы жөнінде әзірлеген презентациясымен таныстырса, өзге студенттер данышпан ақынның туындылары жөнінде ой-пікірлерін білдіріп өтті. Іс-шара соңында Е.Әскенұлы студенттердің А.Құнанбайұлының шығармашылығына байланысты барлық сауалдарына жауап берді.

Басылым күні :  11.01.2021