Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 2019-2020 оқу жылының ХІІ Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасы «Zoom»платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Аталған додаға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану мамандығында оқитын студенттерінен (Ә.Бердібек, Ә.Оралқұл, М.Үйсіпхан) құралған UNIVERSITY 4.0. командасы мен бірге
аталған жарысқа Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командалары қатысты.
Басылым күні : 15.12.2020






