«Дінтанулық сот сараптамасының тақырыбы, объектілері және міндеттері» атты тақырыпта ҚР ӘМ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы, PhD доктор Мусина Динара Райханқызымен оңлайн кездесу өтті

 

Осы жылдың желтоқсан айының 10 күні  ҚР ӘМ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы, PhD доктор Мусина Динара Райханқызымен  «Дінтанулық сот сараптамасының тақырыбы, объектілері және міндеттері» атты тақырыпта онлайн кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Мусина Динара дінтанулық сот сараптаманың негізгі тармақтары, оның қызметі мен ерекшеліктері, міндеттері, жүргізу ережелері және қандай жағдайда жүзеге асырылатындығы туралы, сонымен қоса дінтанулық сот сараптамасының сүйенетін заңнамалық актілер және сарапшының міндеттерін баяндады. Әңгімелесу кезінде магистранттардың таңдалынған мамандықтарының ерекшеліктері туралы сөз қозғалды.

Басылым күні :  15.12.2020