Қазіргі әлемдегі діни фанатизм феномені

Кураторлық сағат барысында студенттер діни фанатизмнің қалыптасу алғышарттары мен тарихи негіздерін айта кетіп, қазіргі қоғамдағы діни фанатизмнің қалыптасу алғышарттарын, оған әсер ететін факторларды талқылады. Заманауи адамның өміріндегі әлеуметтік желілердің діни көзқарасын қалыптастырудағы рөлі және діни көсемдер мен діни экстремизм идеологтарының жастардың діни санасындағы фанатизмді қалыптастырудағы ықпал ету әдістері қарастырылды. Ақпараттық-танымдық сипаттағы кураторлық сағат қызу пікір талас пен талқылауда өтті. Студенттер өз ойларын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Басылым күні :  23.11.2020