Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абайдың өшпес мұралары»
Шараға философия және саясаттану факультеттерінің студенттерімен қатар, Батыс Қазақстан университетінің студенттері, сонымен қатар шет елдік қатысушы қонақтар да болды. Шығармашылық жарыс 3 турдан тұрды. 1 турында Адайдың өлеңдері басқа тілдерді оқылды, мысалы Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университеті Махсотова Айсана қазақ тілінде, Катар Компьютерлік Карнеги Меллон университетінің студенті (Qatar Computer Carnegie Mellon University) Ұлан Сейткалиев Абайдың өлеңдерін ағылшын тілінде оқыса, «Философия» мамандығының 2 курс студенті Забиров Данияр татар тілінде, ал дінтану мамандығының студенті Дүйсен Меруерт қытай тілдерінде оқып, Абайдың өлеңдерін өзге тілдерде поэзиялық әсемдікпен жеткізе білді. Сонымен қатар шараға, Абайдың шығармашылығына үлкен қызығушылық танытатын, Стамбул Медициналық университетінің студенті, Айшегюл Уакыр қатысты. Екінші бөлімінде Абайдың өмірі жайлы, қара сөздерін, өлеңдерін сұрақ қою арқылы білім деңгейлері сыналды. Үшінші бөлімде өлеңдерге ребус жасау оны шешу жұмыстары атқарылды. Абай мұраларына арналған бұл шара өте қызықты өтті. Хәкім Абайдың мұраларын бүгінгі күнде жастардың жадында сақталғандығына, олардың болашақ өскелең ұрпақтарға да жеткізе алатындықтарына куә болдық.






