Кафедрасының доценті К.М. Бишманов жетекшілігімен «Дінтану» және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандықтарының 1 курс магистранттарымен бірге «Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу өткізді.
Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандықтарының 1 курс магистранттары 2020 жылдың қазан айының 31 жұлдызында дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті К.М. Бишманов жетекшілігімен «Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Бахаи» діни бірлестігінің мүшелері өздерінің ілімі, құлшылық негіздері туралы мәліметтермен бөлісті әрі олардың Алматы қаласындағы қызметтері жайында видеороликтер көрсетті. Тәжірибелік зерттеу негізімен магистранттар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды сұхбат жүргізілді. 
Басылым күні : 09.11.2020






