Исламтану мамандығының 1 курс студенттері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының доценті, философия докторы (РҺD) Қ.Назарбектің лидерлік дәрісін тыңдады
05.09.2020 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының доценті, философия докторы (РҺD) Назарбек Қайсар Жетпісбайұлының "Діни ұйымдардың экстремистік идеологиясын анықтауда дінтанушылардың рөлі" атты тақырыпта лидерлік дәрісі өтті. Дәріс барысында лектор танымдық тәжірибелік ақпаратпен бөлісіп, студенттердің ой өрісінің кеңеюіне, таңдаған мамандықтарының қоғамдағы рухани құндылықтардың қалыптасуына зор үлесін қосатынын, сонымен қатар ұлттың, мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауда үлкен орын алатынын атап өтті.
Басылым күні : 09.11.2020






