Исламтану мамандығының 1 курс студенттерімен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кездесу өтті

2020 жылдың 18 қыркүйегінде дінтану және мәдениеттану кафедрасы исламтану мамандығының 1 курс куратор-эдвайзері Е.Әскенұлы студенттермен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге исламтану мамандығының ерекшеліктері, негізгі мақсат-міндеттері, қоғамдағы дін мамандарына сұраныс турасында түсіндіру жұмыстары жасалды. Іс-шара соңында Е.Әскенұлы студенттердің исламтану мамандығына қатысты қойған барлық сауалдарына жауап берді.

Басылым күні :  09.11.2020