Исламтану мамандығының 1 курс студенттері Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Н.Кикимовтің лидерлік дәрісін тыңдады

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Кикимов Нұрлан Медсантұлы «Деструктивті және радикалды ағымдардың қоғамға кері әсері» атты тақырыпта «Zoom» платформасы арқылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті дінтану, исламтану, мәдениеттану мамандықтарының 1 курс студенттеріне лидерлік дәріс оқыды. Н.Кикимов дәріс барысында деструктивті және радикалды ағымдардың сипаты, негізгі белгілері, мақсаттары және аталған ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың өзектілігі туралы студенттерге кең ауқымды ақпарат берді. Мемлекеттің дін саласындағы саясатының табысты түрде жүзеге асырылуында дін саласы мамандарының атқаратын рөлі зор. Осы орайда Н.Кикимов бүгінгі таңда дін саласында қызмет атқаратын мамандарға қойылатын талаптар, негізгі басымдықтар жөнінде түсіндіріп өтті. Өз кезегінде дәріс барысында студенттер де жоғары белсенділік танытып, дін саласындағы бірқатар түйткілді жайттар бойынша лекторға сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Басылым күні :  09.11.2020