Исламтану мамандығының 1 курс студенттеріне Мемлекет басшысының жолдауы түсіндірілді
2020 жылдың 9 қазанында дінтану және мәдениеттану кафедрасы исламтану мамандығының 1 курс куратор-эдвайзері Е.Әскенұлы студенттермен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын түсіндіру бағытында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге Жолдауда айтылған негізгі мақсат-міндеттер бойынша ақпараттар берілді. Студенттер Жолдау бойынша өз тараптарынан туындаған сауалдарын куратор-эдвайзерлеріне жолдап, тиісті деңгейде жауаптар алды.
Басылым күні : 09.11.2020






