«G-Clobal» интерактивті алаңы видеоконференция

«G-Clobal» интерактивті алаңы

«Ай тұлғасы» жобасы «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбындағы видеоконференция

 2015 жылдың 8 сәуірінде «Ай тұлғасы» жобасы аясында «G-Global» интерактивті алаңында «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет пен өркениеттер сұхбаты» тақырыбында видеоконференция өтті.

Онлайн видеоконференция мақсаты: қазіргі замандық құндылықтар, мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуы, толерантты сана қалыптастыру мәселесіне қатысты өзекті сауалдарды жетекші отандық және шетелік ғалымдармен талдау және пікір алмасу арқылы әр түрлі елдер мен халықтардың жақындасуы мен өзара әрекеттесуіне ықпалдасатын рухани-адамгершіліктік дағдарыстан шығу, жаңа гуманитарлық парадигманы қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар жасау.

Видеоконференцияда талданған мәселелер:

- «G-Global» интерактивті алаңының мәдениаралық диалог, ынтымақтастық, тарихи сабақтастықты дамытудағы рөлі;

- жаһандық ақпараттық қоғам жағдайындағы қазіргі замандық құндылықтар;

- жалпыадамзаттық құндылықтар дағдарысы және оны шешу жолындағы ізденістер;

- этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі;

- әр түрлі елдер арасындағы мәдени алмасу, гуманитарлық байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты тереңдету;

- жастарды рухани-адамгершіліктік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Видеоконференцияға қатысушылар: әл-Фараби ат. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, философия және саясаттану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы; әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы ТЮРКСОЙ ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Е.Бөкетов ат.ҚарМУ; Абылай хан ат. ҚазХҚжӘТУ; АҚШ, Германия, Голландия, Франция, Финляндия, Испания, Греция, Турция, Болгария, Оңтүстік Корея, Ресей, Әзірбайжан ғалымдары

         Өткізілген орны: Алматы қ., әл-Фараби пр., 71, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, ректорат, 306-кабинет, Астана уақыты бойынша 15.00.

 

         Толығырақ сілтемені қараңыз: https://www.youtube.com/watch?v=JbghP_LRNAE

 

 

Басылым күні :  10.04.2015