Абай мәдени мұрасының кеңестік және посткеңестік кезеңде зерттелуіне компаративистикалық талдау
2020 жылдың мамыр айының 12 күні сағат 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби мұралары» аясында оқытушы Мұқатаева Салтанат Амантайқызының «Абай мәдени мұрасының кеңестік және посткеңестік кезеңде зерттелуіне компаративистикалық талдау» атты вебинары Microsoft Teams платформасында өтті.
Мақсаты: Абай мәдени мұраларының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің мол екенін таныту, кеңестік және посткеңестік кезеңде зерттелуіне компаративистикалық талдау жасау.
Вебинарға әл-Фараби орталығының директоры, ф.ғ.к. Б.Б. Мейрбаев, Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары, ф.ғ.к., доцент А.Ө. Өмірбекова, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Д. Құрманалиева, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұстаздары және докторанттар мен магистранттар қатысты.
Вебинар барысында қатысушылар қызығушылық танытып, өзекті мәселелер, көкейкесті сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.







