Студенттермен онлайн кездесу
2020 жылдың 30 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және оқытушылық-профессорлық құрам кафедра студенттері, магистранттарымен зум платформасында онлайн режимде кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға алдағы жазғы сессия, қашықтықтан тапсырылатын қорытынды емтихан түрлері мен оның ережелері, шарттары туралы ақпараттар беріліп, білім алушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.
Басылым күні : 04.05.2020






