Әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттік ұйымдарының танымдық-тәрбиелік мәні

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенттік ұйымдарының танымдық-тәрбиелік мәні

11 сәуір 2020 жылы 1 курс дінтану мамандығының студенттерімен онлайн режимде «ҚазҰУ студенттік ұйымдарының танымдық-тәрбиелік мәні» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Студенттер өздерінің қатысатын ұйымдарының мақсаты, міндеті және миссиясы туралы мағлуматтар беріп, олардың студенттік өмірді қызықты өткізудегі рөлін атап өтті. Студенттік ұйымдардың барлығы дерлік өз жұмыстарын белсенді атқарып, студенттерді бір жұдырыққа жұмылдырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы өз жауапкершілігін қалыптастырады. «ҚазҰУ-нің студенттік ұйымдарына қатысу – студенттік өмірді мағыналы және қызыты өткізуге негіз болмақ»- деген пікірлерін білдірді.

Басылым күні :  20.04.2020