«Рухани жаңғыру. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты ашық тәрбие сағаты

«Рухани жаңғыру. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты ашық тәрбие сағаты 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті корпусының конференц залында 25.12.2019 күні қосымша грант берілген барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттеріне сабақ аясында «Рухани жаңғыру. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тақырыпта ашық сабақ сағаты өткізілді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды болатынын және жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы екенін ұғындыру. 

Ашық сабақ барысында студенттерге тақырып слайд-презентация арқылы түсіндіріліп, тақырыптың мәнін ашып көрсетуге барынша жағдай жасалды. Берілген мәліметтерді бекіту мақсатында бейнебаяндар көрсетіліп, түрлі викториналық ойындар ойнатылды. Дәрістің тақырыбына сәйкес студенттердің жеке ойларының айтылуы да барынша ескерілді.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Есболова М.


 

Басылым күні :  19.04.2020