Ғылыми-зерттеу тәжірибелері

Ғылыми-зерттеу тәжірибелері

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Дінтану», «Мәдениеттану», «Исламтану» мамандықтары магистранттары, докторанттары ғылыми жобалық қызмет, стандартты ғылыми және кәсіби міндеттерді шешу, ақпаратттық және шығармашылық шешімдерді іздеу дағдыларын, ғылыми ізденісті дербес жүргізу қабілетін, нақты ғылыми міндеттерді шешу қабілеттерін меңгеру мақсатында ғылыми зерттеу тәжірибеден өтеді. Тәжірибе базалары: Философия саясаттану және дінтану институты, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы.

Тәжірибенің мақсаттары:

  • ·                    Ғылыми және сыни ойлау дағдысына, шешендік өнер, ауызша және жазбаша формада өз ойын дұрыс және қисынды көрсету қабілетіне ие болу;
  • ·                    Ғылыми және кәсіби, мәдениаралық қарым-қатынас дағдыларына ие болу;
  • ·                    Материалдарды жинау, құрылымдау және жүйелеу білу;
  • ·                    Кәсіби қызметті ұйымдастыру және іске асыру бойынша кәсіби міндеттерді шешу;
  • ·                    Өзінің кәсіби және ғылыми қызметі нәтижелерін болжай білу;

Қызмет нәтижелерін қадағалау және обьективті бағалай білу, кәсіби және ғылыми шешімдер үшін өз жауапкершілігін   сезіне білу;

  • ·                    Біріккен ғылыми қызметті жасай білу;
  • ·                    Өзінің кәсіби дамуын айқындай білу;

Талаптарға және заманауи редакциялау және баспа құралдарына сай безендірілген есеп, реферат, мақала түрінде жасалған жұмыс қорытындысын ұсыну.

Басылым күні :  16.03.2020