«Айналаңды нұрландыр» - Өзара сұхбат

24.12.19 «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Филос.ғ.д профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Мәдени және әлеуметтік қызмет кафедрасында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері мен мәдениеттану, мәдени антропологияның даму перспективалары талқыланды. Өзара сұхбат барысында гуманитарлық және әлеуметттік мәселелері талқыланды, оның адам және қоғам өміріндегі негізгі рөлі анықталды. Заманауи тенденциялар мен жаһандану дәуірінде гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерін талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Ақпараттық текетірес кезеңіндегі әлемдік және қазақстандық гуманитарлық міндеттердің қоғамдағы әсерін бағалауда үлкен мәдениеттанулық негіздемелер мысалға келтірілді. Жиын соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Басылым күні :  29.12.2019