«Ұлттық сананың тамыры оның тілінде»

2019 жылдың 11 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Философия және саясаттану факултетінің 122 аудиториясында дінтану мамандығының 2 курс студенттері аға оқытушылар Мұқан Нұрзат пен Қантарбаева Жанна Орынбасарқызының жетекшілігімен атты іс шарасын өткіздік. Іс шара барысында қазақ тілінің құдіреті мен ерекшелігін айта отрып, қазіргі таңдағы қазақ тілінің жағдайын басты мәселе етіп алдық. Студенттер ана тіліміз туралы өз ойларын айта кетіп, ұлы ақындарымыздың өлең шумақтарын айтып өтті. Іс шараның негізгі мақсаты жастардын жүрегінде өз ана тіліне деген махаббатын ұялатып, ұлттық санамыздың тамыры тілімізде жатқанын және қазақтың болашағы қазақ тілінде екенін түсіндіру еді. Іс шарамыз патриоттық сарында өте қызықты өтті.

Басылым күні :  14.12.2019