«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 2019 жылдың 6 желтоқсанында «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сейдахметов Б.Қ. педагогикалық практика аясында «5В020600-Дінтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты: Елімізде таралған дін мен діни ұйымдардың тарихи, мәдени, заңдық, саяси және статистикалық аспектілерін қарастыру болды.

Ашық сабақ барысында студенттерге жаңа тақырыпты слайд-презентация арқылы түсіндіріліп, тақырыптың мәнін ашып көрсетуге әбден жағдай жасалды. Берілген мәліметтерді бекіту мақсатында бейнебаяндар көрсетіліп, ойындар ойнатылды. Дәрістің тақырыбына сәйкес студенттердің жеке ойларының айтылуы да ескерілді.

Ұйымдастырушылар: аға оқытушы, PhD Утебаева Д. С., «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сейдахметов Б.Қ.

 

 

Басылым күні :  14.12.2019