«Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты ашық тәрбие сағаты

«Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты ашық тәрбие сағаты

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 10.12.2019 күні «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранттары Байжума Самет пен Болатханова Ақбөпе педагогикалық практика аясында «5В020600-Дінтану» мамандығының 4 курс студенттеріне «Жаһандану және ұлттық тәрбие» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: жаһандану үдерісінің елімізге, ұлттық тәрбиеге деген әсерін, пайдасы мен зиянды тұстарын айқындау.

Ашық сабақ барысында студенттерге тақырып слайд-презентация арқылы түсіндіріліп, тақырыптың мәнін ашып көрсетуге барынша жағдай жасалды. Берілген мәліметтерді бекіту мақсатында бейнебаяндар көрсетіліп, түрлі викториналық ойындар ойнатылды. Дәрістің тақырыбына сәйкес студенттердің жеке ойларының айтылуы да барынша ескерілді.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Н.Қ.Альджанова, «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранттары Байжума C., Болатханова А.Б.

Басылым күні :  14.12.2019