«Қазақстандағы мәдени антропологияның қазіргі жағдайы мен даму негіздері» тақырыбы бойынша тәрбиелік-ұйымдастырушылық сабақ

10.12.19 философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранттары филос.ғ.д профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлымен біріге отырып «Қазақстандағы мәдени антропологияның қазіргі жағдайы мен даму негіздері» тақырыбы бойынша тәрбиелік-ұйымдастырушылық сабақ өткізді. Сабақ барысында мәден антропологияның актуальды мәселелері талқыланды, оның адам және қоғам өміріндегі негізгі рөлі анықталды. Заманауи тенденциялар мен ақпараттық толқын көріністеріне мәдени антропологиялық талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Ақпараттық текетірес кезеңіндегі әлемдік және қазақстандық мәдени антропологияның қоғамдағы әсерін бағалауда үлкен мәдениеттанулық негіздемелер мысалға келтірілді.

 

Басылым күні :  14.12.2019