«Күй өнері- этнологияның зерттеу нысаны ретінде» атты тақырыбы бойынша ашық сабақ

05.12.19 философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Жанбобеков Сандибек педогогикалық тәжірбие аясында «Мәдениеттану» мамандығының 2-3 курс студенттерімен «Күй өнері- этнологияның зерттеу нысаны ретінде» атты тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қазақ күй өнерін зерттеу мәселелері талқыланып оның қазіргі сәттегі адам және қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығы анықталды. Байырғы күй өнері мен қазіргі заманауи күйшілік өнеріне мәдениеттанулық және психологиялық талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Сабақ барысында көбіне аспапта ойнап, практика түрінде өткізу тәсілін студенттер ұнатты, себебі, бұл топтағы әр студент күй ойнау тәсілін өз көздерімен көріп, ол жайлы пікірлерін ашық, еркін жеткізе білді.

 

Басылым күні :  14.12.2019