"Жылу сыйла»

        2019 жылы 9 желтоқсанда "Исламтану" мамандығының екінші курс магистранты Чалгымбаев Ернар "Дінтану" мамандығының үшінші курс студенттерімен бірге "Айналаңды нұрландыр " жобасы аясында "Жылу сыйла" атты ашық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында үшінші курс студенттері дінтанушылардың мамандықтарымен, оның қоғамдағы маңыздылығы мен қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында қала азаматтарымен достық кездесу ұйымдастырды. Студенттер барлығына ыстық шай мен кофе сыйлады.

Басылым күні :  13.12.2019