«Әлеуметтік желілердегі кибермоббинг» тақырыбы бойынша ашық сабақ

03.12.19 философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Осербаев Елдос педогогикалық тәжірбие аясында «Психология» мамандығының 2 курс студенттерімен «Әлеуметтік желілердегі кибермоббинг» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әлеуметтік желілердегі актуальды мәселелер талқыланып оның адам және қоғам өміріндегі негізгі рөлі анықталды. Заманауи тенденциялар мен ақпараттық толқын көріністеріне мәдениеттанулық және психологиялық талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Ақпараттық текетірес кезеңіндегі әлемдік және қазақстандық кеңістікте әлеуметтік желілердің қоғамдағы әсерін бағалауда үлкен мәдениеттанулық негіздемелер мысалға келтірілді. Сабақ барысында көбіне пікір-талас түрінде өткізу тәсілін студенттер ұнатты, себебі, бұл топтағы әр студент өзінің ойын еркін жеткізіп, пікірлерін аудиторияның алдында ашық жеткізуге бейімделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  09.12.2019