Мусина Динара Райханқызымен кездесу.

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Байтенова Н. Ж. ағымдағы жылдың 29 қазанында ҚР ӘМ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Мусина Динара Райханқызымен "6М020600-Дінтану" мамандығының 2-курс магистранттарымен кездесу ұйымдастырды.

      Аталған кездесудің тақырыбы – «Мамандардың дінтанулық зерттеу жүргізу негіздері: түрлері, әдістері, негіздері». Кездесу барысында Динара Райханқызы дінтану сараптама қызметінің ерекшеліктері, дінтанушылар мамандарының еңбек нарығындағы мүмкіндіктері және осы мамандықтың болашақ перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, Дін істері комитетінің және Дінтанулық сот сараптама жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері мен айырмашылықтары атап өтілді. Қорытындылай келе, бас сарапшы магистранттардың болашақ маманға қойылатын талаптар туралы сұрақтарына жауап берді. 

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н. Ж. «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранттары Алпысбай М., Байжұма С., Болатхан А., Жұбанышов А., Сейдахметов Б.

Басылым күні :  05.12.2019