"Айналаңды нұрландыр" - түлектердің тілегі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы М.Базарбаев атындағы №138 гимназия ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін «М. Базарбаев атындағы №138 гимназия» КММ педагогикалық ұжымы Алматы қаласының Әкімі Б.Байбектің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша Алматы қаласы білім беру ұйымдарының ішінде М.Базарбаев атындағы №138 мектеп коллективі «Үздік педагогикалық ұжым» ретінде марапатталды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті дінтану мамандығының бітіруші түлектері №138 мектеп-гимназия ұжымымен педагогикалық тәжірибені бірнеше жылдар бойы бірлесе отырып жүргізуде. Отыз жылдық тарихи қалыптасуында 30 рет алғашқы қоңырауы мен 30 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. №138 гимназия ұлағатты ұстаздардың даналығы мен оқушылардың білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.                        Сіздерді атаулы күндеріңізбен құттықтап, білім саласында беделді орындарға қол жеткізе берулеріңізге тілектеспіз!!!

Басылым күні :  05.12.2019