Қарттар үйіндегі «Айналаңды нұрландыр» жобасы

2019 жылдың 15 наурыз күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Әлтаева Н.С. және 3 курс дінтану мамандығының студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Наурыз мерекесіне орай Алматы қаласындағы «Почетный возраст» қарттар үйіне барып, ата-әжелерді шағын концерттік бағдарламамен мерекелерімен құттықтап қайтты. Концерттік бағдарламада студенттер өз өнерлерін көрсетті: ән айтып, би билеп, күй тартып, саксафонда ойнады, ойын ойнатып қарттардың көңілдерін көтерді, мерекелік көңіл күй сыйлады. Өздері қолдан пісіріп әкелген тағамдарымен дастарқан жайып концерттік бағдарлама фуршетке жалғасты. Шара соңында студенттер қарт әжейлерге жаулық жауып, ал аталарға тақия кигізді, ал қарттар болса баталарын берді. Студенттер де, қарттар да, пансионат қызметкерлері де дән риза болды. Бұл шараның мақсаты студенттерді мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу болатын.

Басылым күні :  16.04.2019