"Әл-Фараби және Қазіргі заман" атты халықаралық Фараби Форумының ашылу

Бүгін ҚазҰУ ғылыми кітапханасында VI халықаралық Фараби оқулары "Әл-Фараби және Қазіргі заман" атты халықаралық Фараби Форумының ашылу салтанаты болып өтті.ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.С. Құртаев, Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С. Хазбиевич, ҚазҰУ ректоры, профессор Ғ.М. Мұтанов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М. Жұрынов,PhD,   Ұлығдағ университеті теология факультетінің профессоры Я. Айдынлы (Түркия), философ.ғ.д., профессор, РҒА Шығыстану институты араб және исламдық зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Т. Ибрагим (Ресей),филос.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, Фарабитану секторының меңгерушісі Ғ.Қ. Құрманғалиева және т.б. сөз сөйлеп, Форумды ашық деп жариялап, Форум 2019 ж. 2 және 12 сәуірі аралығында өтетінін хабарлады.

Басылым күні :  08.04.2019