Жұмыс берушілермен кездесуі өтті

2019 жылдың 21 ақпанында 5В020600- Дінтану мамандығы бойынша бітіруші студенттерінің жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Алматы облысы бойынша «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығынан» келген өкілдері дінтанушы маманның қазіргі қоғамдағы рөлі, діни іс-әрекеттерді мемлекеттік реттестірудегі дінтанушы-сарапшының қосар үлесі туралы айта отырып, жалпы қоғамдағы әрбір тұлғаның азаматтық жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Кездесу барысында, студенттер дінтанушы-маманның болашағы мен мүмкіндіктері бойынша сұрақтарын қойып, өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша пікірлерін білдірді. Өз кезегінде, жұмыс берушілер қызығушылық танытқан студенттерді жұмысқа шақыра отырып, студенттердің аталмыш орталықта өндірістік тәжірибені өтуге және жалпы орталықтың ұйымдастыратын іс-шараларына қатысып дінтанушы маман ретінде сезіну мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.     

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, педагогикалық тәжірибенің жетекшісі Қ.М. Бобасова және 4 курс дінтану мамандығының куратор-эдвайзері Ж.У. Қаңтарбаева.

Басылым күні :  26.03.2019