«Green Campus» жобасы аясында

Педагогикалық практика барысында Жоғарғы медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс (1804 топ) студенттерімен 22 ақпан күні «Green campus» жобасы аясында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қоршаған ортаны қорғау шаралары мен нанотехнологиялар, жасыл энергия көздерін пайдалану туралы айтылды.

Ұйымдастырушы: ФжСФ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Мәдениеттану      мамандығының 4 курс студенті Ералы. А. Ә

Практика жетекшісі: филос. ғ. д. профессор Абишева А. К.

Басылым күні :  21.02.2019