«Қазақ эстетикасы», «Дәстүрлік өнермен әлемді тану» тақырыбында ашық дәріс және ашық семинары өтті

2019 жылдың 6 ақпан  күні Халықаралық байланыстар факультетінде Философия және саясаттану факультеті «Дінтану, мәдениеттану, исламтану» кафедрасының 1 курс PhD докторанты Мұқатаева Салтанат Амантайқызының «Қазақ эстетикасы», «Дәстүрлік өнермен әлемді тану» тақырыбында ашық дәріс және ашық семинары өтті.

Мақсаты – қазақ халқының эстетикасын, дәстүрлік өнерін дәріптеу, мол ақпарат беру, эстетикалық-мәдени құндылықтарды құрметтеуге жастарды тәрбиелеу.

Сабақтар барысында дәріс оқылып, презентация көрсетілді, семинарда арнайы жеке тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, студенттер ой-пікірлерін қағаздарға түсірді, қосымша сұрақтарға жауап беріп, сабақтың мазмұнды өтуіне ат салысты. Ашық дәріс пен семинар қызықты өтіп, студенттер көңілінен шықты.  

Ашық сабақтарға педагогикалық практика жетекшісі Ә.Өмірбекова, мәдениеттанушы докторанттар қатысты.

Басылым күні :  10.02.2019