Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 26 қазан күні «Мәдениеттану» мамандығының 2-курс магистранты  Жексембі Әділет «Мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері алдында өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы «Қазақтың көркем мәдениетіндегі дәстүр мен жаңашылдық: компаративистикалық талдау» бойынша талқылау жүргізді.

Талқылау барысында тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен мен міндеттері, сонымен қатар объекті мен пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні қарастырылды. Магистрант студенттер алдында өзінің диссертациялық жұмысының мәнін толықтай ашып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді

Басылым күні :  21.12.2018