«Ұлым саған айтам...» тақырыбында кездесу өткізілді
2018 жылдың 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия және саясаттану факултетінің 123 аудиториясында педагогикалық практика жетекшісі Қ.М.Борбасованың және PhD доктаранты М.А.Жүзейдің ұйымдастыруымен «Ұлым саған айтам...» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 4, 3 курс дінтанушы студенттер мен 1 курс исламтанушы студенттер және оқытушы ұстаздар қатысты.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығы мен Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері, актер Бекжан Тұрыс кеш қонағы болды.
Студенттерге келелі әңгіме айтылып, ашық сұхбат жасалып, қызу сұрақ-жауаптарға толы кездесу болды. Актер «Ұлым саған айтам...» қойылымының тарихын, жастарға деген өнегелі ақыл кеңестерін беріп болашақ сахналық жоспарында бөлісе кетті.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында жеткен жетістігіміз бен болашағамыз, жастар жылында жастардан көп үміт артатынымыз осы кездесудің мәнін аша түсті.








