Қазақстан Республикасындағы дінтанулық сараптама

2018 жылдың 19 қыркүйекте ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Мусина Д.Р. «Қазақстан Республикасындағы дінтанулық сараптама» атты тақырыпта дәріс өткізді. Дәрісте дінтанулық сараптама туралы жалпы ақпараттар берілді. Сонымен қатар оны жүргізу тәртібі, қағидалары, дінтанулық сараптама мен сот-дінтанулық сараптаманың айырмашылығы, қазіргі таңдағы еліміздегі дінтанулық сараптаманың өзектілігі туралы т.б. мәселелер жан-жақты талданды. Студенттер мен магистранттар өзінің білімдерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Дәрістің алға қойылған мақсаттары мен міндеттері орындалып, жоғарғы деңгейде өткізілді.

Өткізілген орны: Шығыстану факультетi, 506 ауд.

Уақыты: 19.09.2018ж. 13:00

Қатысушылар: дінтану мамандығының студенттері мен магистранттары

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж. және дінтану мамандығының 2 курс магистранттары Исаков Б., Даулетбекқызы Д.

Басылым күні :  10.12.2018