ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН МЕН ДІНИ ҰЙЫМДАР АТТЫ АШЫҚ САБАҚ

2018 жылдың 28 қарашасында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Исаков Б.А. педагогикалық практика аясында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне «Қазақстандағы дін мен діни ұйымдар» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. 

Ашық сабақтың мақсаты:  Елімізде таралған діндер мен діни ұйымдарды тарихи, мәдени, саяси және статистикалық тұрғыдан анықтау. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: 

- “Дін” және  “діни ұйым” терминінің анықтамасын және олардың түрлерін анықтау;

- Қазақстанда таралған діни бірлестіктердің статистикалық көрсеткішін салыстыру;

- Қазақстанда әлемдік діндердің таралуын саралау;

- Қазақстанда жаңа діни ұйымдардың таралуын қарастыру;

- Қазақстандағы дін мен діни ұйымдардың қызметін құқықтық реттестірілуін заңмен көрсету.

Ашық сабақ барысында студенттерге  жаңа тақырып слайд арқылы түсіндірілді және берілген мәліметті бекіту үшін видеолар көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер 3 топқа бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өзара жарысты. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Басылым күні :  10.12.2018