ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ДІНДЕРДІҢ ТРЕНДТЕРІ АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

2018 жылдың 30 қарашасында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сагнадина А.Т. педагогикалық практика аясында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне ф.ғ.д. профессор Е.Е. Бурованың «Қазіргі Қазақстандағы жаңа діндердің трендтері (әлеуметтік-гуманитарлық өлшем тәжірибесі)» монографиясын таныстыруға арналған тәрбиелік іс-шара өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: осы монография арқылы дінтанушы мамандарға қазіргі Қазақстандағы діншілдіктің жай-күйімен және тенденциясымен таныстыру. Бұл монографияда Қазақстандағы діншілдік мәселесі түрлі әлеуметтік әдістер арқылы жан-жақты зерттелген. Жұмыс қазіргі заманғы әлеуметтік процесстерге қызығушылық танытатын барлық адамдарға арналған.

Басылым күні :  10.12.2018