ТЕОСОФИЯДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ АТТЫ АШЫҚ САБАҚ

2018 жылдың 3 желтоқсанында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сагнадина А.Т. педагогикалық практика аясында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне «Теософиядағы адам мәселесі» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. 

Ашық сабақтың мақсаты: теософиядағы адам мәселесін жан-жақты талдау, салыстыру. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: 

- “Теософия” терминінің мағынасын ашу;

- Теософиялық қоғам және оның қазіргі жағдайы туралы түсінік беру;

- Теософияның ілімдік ерекшеліктерін, ондағы адамның алатын орнын саралау.

Ашық сабақ барысында студенттерге  жаңа тақырып слайд арқылы түсіндірілді және жаңа ақпараттың игерілуін тексеру мақсатында «Миға шабуыл әдісі», «Insert» әдісі» қолданылды. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Басылым күні :  10.12.2018