Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 21 қараша күні «Мәдениеттану» мамандығының 2-курс магистранты Даулетова Гулзер «Мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері алдында өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы «Қоғамдық сананы жаңғырту үрдерісіндегі рәміздік құбылыстар» бойынша талқылау жүргізді.

Талқылау барысында тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен мен міндеттері, сонымен қатар объекті мен пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні қарастырылды. Магистрант студенттер алдында өзінің диссертациялық жұмысының мәнін толықтай ашып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді

Басылым күні :  08.12.2018