Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 05 желтоқсан күні дінтану мамандығының 2 курс магистранты Орынбеков Нұрлан 2 курс студенттері алдында өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы «Қазіргі Қазақстан мен Түркиядағы исламдық білім беру жүйесін салыстырмалы дінтанулық талдау» бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына талқылау жүргізді.

Талқылау барысында тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен мен міндеттері, сонымен қатар объекті мен пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні қарастырылды. 2 курс магистранты студенттер алдында өзінің диссертациялық жұмысының мәнін толықтай ашып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.


Басылым күні :  08.12.2018