Қазіргі кездегі деструктивті ағымдардың идеологиясы

30 қарашада 9 студенттер үйінде "Қазіргі кездегі деструктивті ағымдардың идеологиясы" тақырыбында дәріс, пікір алмасу өткізілді. 

Деструктивті  ағымдарда әлеуметтік өмірге дұшпандық қарым-қатынасты уағыздайды және оларда тоталитарлық жүйе қалыптастырылады. Бұл соңғы көрсеткіш қазіргі Қазақстандағы исламдық ағымдарға тән. Бәрімізге белгілі исламдық ағымдар жастарды қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтерумен өз топтарына жинап алады да исламдық идеяларды бұрмалап, халифат құру жолындағы күреске үгіттейтіндігі туралы өз ойын студенттермен теолог Мырзахмет Жүзей бөлісті. 

Біздің елде сектанттық тек исламдық ағымдармен байланысты емес, неопротестанттық ағымдар қызметінде де көрініс беруде. Олардың миссионерлік қызметінде кейде ашық, кейде жасырын түрде мемлекеттің ұлттық бірегейлігіне  және жастардың рухани дамуына зиянды әрекеттері әшкереленген деректер бар екендігі талқыланды.

Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қ.М. Борбасова

Басылым күні :  07.12.2018