Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 3 желтоқсаны күні «Исламтану» мамандығының 2 курс магистранты Исраилова Асель Нұрлыбайқызы «Исламтану» мамандығының   1 курс студенттері алдында өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы «Исламды насихаттаудың заманауи технологоиялары» бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына талқылау жүргізді.

Талқылау барысында студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жалпы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттелу деңгейі, зерттеудің теориялық және практикалық мәні тағы да басқа мәселелер қарастырылды. Студенттерге қолданылатын әдебиеттер, дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар және кеңестер жеткілікті деңгейде айтылды. 

Студенттер өздерін қызықтыратын зерттеу тақырыптарын айтып, пікір алмасты.

Басылым күні :  06.12.2018