«ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖӘНЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА АШЫҚ САБАҚ

2018 жылдың 21 қарашасында «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Сакмурзаева Айгерім 4 курс студенттеріне педагогикалық практика аясында «Постмодернизм және толеранттылық» атты ашық сабағын өткізді.

Ашық сабақ барысында «Мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенттеріне «Толеранттылық» ұғымының «Постмодернизммен» байланысы және бүгінгі күні Қазақстандағы белгілеріне тоқталып өтілді.

Сабақ барысында студенттердің сұрағына жауап толықтай берілді және презентация мен видеолар көрсетілді. Жалпы ашық тәрбие сағаты көбінесе дебаттық түрде өтті және барлық студенттер толықтай қатысып, өздеріне керек деген мағлұматтарды алды.

Басылым күні :  05.12.2018