4 курс студенттері алдында диссертацияны талқылады

2018 жылдың 5  желтоқсанында мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранты Сакмурзаева Айгерим мәдениеттану мамандығының 4 курс студенттері алдында өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы «Қазақстан мәдениетіндегі постмодернизм феномені» бойынша талқылау жүргізді.

Талқылау барысында тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері аталып өтілді. 2 курс магистранты Сакмурзаева Айгерим студенттер қойған сұраққа толыққанды жауап беріп, өзінің диссертациялық жұмысының мәнін толықтай ашып берді.

Басылым күні :  05.12.2018