Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 21 қараша күні дінтану мамандығының 2 курс магистранты Касаинова Қарлығаш дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне  "Қазақстанның Батыс аймақтарындағы киелі жерлерге дінтанулық талдау" бойынша ғылыми зерттеу жұмысын талқылау жүргізді.

Талқылау барысында студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жалпы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттелу деңгейі, зерттеудің теориялық және практикалық мәні тағы да басқа мәселелер қарастырылды. Студенттерге қолданылатын әдебиеттер, дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар және кеңестер жеткілікті деңгейде айтылды. 

Студенттер өздерін қызықтыратын зерттеу тақырыптарын айтып, пікір алмасты.

Басылым күні :  05.12.2018