Студенттер алдында ғылыми зерттеу жұмысын талқылады

2018 жылдың 22 қараша күні дінтану мамандығының 2 курс магистранты Даулетбекқызы Динара дінтану және исламтану мамандығының студенттері алдында өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы «Деструктивті діни топтардан зардап шеккендерді оңалту жолдары» бойынша ғылыми-зерттеу жұмысына талқылау жүргізді.

Талқылау барысында тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен мен міндеттері, сонымен қатар объекті мен пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық мәні қарастырылды. 2 курс магистранты студенттер алдында өзінің диссертациялық жұмысының мәнін толықтай ашып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Басылым күні :  05.12.2018