Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын алу

2018 жылдың  5 желтоқсанында  «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К.Е. педагогикалық практика аясында «Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын алу»   атты тақырыпта тәрбие сағат  өткізді. 

Тәрбие сағаты барысында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне деструктивті және радикалды ағымдар туралы түсінік қалыптастыру мақсат ретінде қойылды. Тәрбие сағатының міндеттері ретінде:

- Деструктивті және радикалды діни ағымдардың пайда болуын, мәнін ашу;

- Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойындағы типтік белгілерді көрсету;

- Деструктивті және радикалды діни ағымдар тарапынан жүргізіліп отырған кең көлемді насихат жұмыстарының мақсатын ашу;

- Радикалды діни ұйымдардың идеологиясын шынайы діни сеніммен байланыстыруға болмайтынын ашып көрсету.

Тәрбие сағаты  барысында студенттерге  жаңа тақырып түсіндіріліп, студенттерге сұрақтар қойылып, қабылдаған мәліметті бекіту үшін видео көрсетілді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Басылым күні :  05.12.2018