Ғаламтордағы деструктивті діни ағымдар атты тақырыпта талқылау презентациясы өтті

2018 жылдың 22 қарашасында №9 студенттер үйінде  Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж.  және  дінтану мамандығының 2 курс магистранты  Даулетбекқызы Д.  ұйымдастыруымен  «Ғаламтордағы деструктивті діни ағымдар» атты тақырыпта түсіндіру мен талқылау презентациясы  өтті. 2 курс магистранты Даулетбекқызы Динара, осы қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналған «Ғаламтордағы деструктивті діни ағымдар» атты презентациясын жатақханада орналасқан студенттерге түсіндіріп, олардың жеке дара ойларын біліп сол тақырыпта әңгіме өрбіді. Жастарға ғаламторда көп пайдасыз отыру, ағымдардың арбауына түсіп қалуы мүмкін екендігін түсіндіріп, олардың арбауына түсіп қалмау жолдарын айтып,түсіндірме жұмыстары және олардан барынша өздерін аулақ ұстауын айтып өтті. Бұл тақырыпта көптеген қызығушылықпен көптеген сұрақтар орын алды.Студенттердің дінге қызығушылықтары болса дұрыс діни сайттар тізімі ұсынылды.

 

Өткізілген орны: №9 студенттер үйі

Уақыты: 22.11.2018 ж. 19:30

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н.Ж., дінтану мамандығының 2 курс магистранты  Даулетбекқызы Д.  

Басылым күні :  04.12.2018