«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабы талқыланды

2018 жылдың 19 қарашасында дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Әлтаеваның ұйымдастыруымен 1 курс дінтану мамандығының студенттерімен №9 студенттер үйінде 100 кітап жобасы аясында Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабы талқыланды. Бұл кітап Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған болатын. 

Басылым күні :  04.12.2018