«Менің атым Кхан» атты үнді фильмі көрсетіліп талқыланды

2018 жылдың 13 қарашасында №9 студенттер үйінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Әлтаеваның ұйымдастырылуымен «Менің атым Кхан» атты үнді фильмі көрсетіліп талқыланды. Бұл фильмде Батыс әлемінің Исламға деген теріс пікірлері, мұсылмандарға қатысты өшпенділігі баяндалады.  Үндістаннан шыққан Ризван Кхан есімді мұсылман Американың Сан-Франциско қаласына көшіп келеді. Ризван Аспергер синдромымен ауырады. Десек те бұл оған ғашық болуға, махаббатын табуға еш кедергі болмайды. Ол ағасының қарсылығына қарамастан Мандираға үйленіп, бақытты ғұмыр кешіп жатады.   Бәрі 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін өзгереді. Осыдан кейін мұсылмандарға деген теріс көзқарас қалыптасады. Резванның үйінде де қайғылы оқиға орын алады. Мандира ұлынан айырылып, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас суып кетеді. Мандира ашу үстінде күйеуіне АҚШ президентіне барып: "Менің атым Кхан, мен лаңкес емеспін" деп айтуын талап етеді. Ол сүйгені үшін Америка ішіндегі үлкен саяхатына аттанады. Жалпы фильм келген көрермендердің көңілінен шығып, соңы талқылауға айналды.



Басылым күні :  04.12.2018