Құдайға құлшылық пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер атты тақырыпта ашық сабақ

2018 жылдың 28 қарашасында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К.Е. педагогикалық практика аясында «Құдайға құлшылық  пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. 

Ашық дәріс сабағы барысында дінтану мамандығының 3 курс студенттеріне діни құлшылық туралы түсінік қалыптастыру мақсат ретінде қойылды. Ашық сабақтың міндеттері ретінде: 

- Діни құлшылық ұғымы: мәнін, анықтамасын және маңызын анықтау;

- Аврамдық діндердегі құлшылықтардың мәні ажырату;

- Діни құлшылықтардың өткізілетін рәсімдеріне шолу жасау.

Сабақ  барысында студенттерге  жаңа тақырып түсіндіріліп, студенттерге сұрақтар қойылып, қабылдаған мәліметті бекіту үшін видео көрсетілді. Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттердің туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Ашық семинар сабағы барысында өткен тақырып еске түсіріліп, студенттер «Діни құлшылық діндарлық феномен ретінде» тақырыбында семинар сабағын айтты. 2 курс магистранты студенттерге сұрақтар қойып, қарастырылмаған мәселелерді толықтырып отырды. Семинар соңында «Діни құлшылық діндарлық феномен ретінде» тақырыбы бойынша түсінбеген сұрақтарына толыққанды жауап берді. 

Басылым күні :  29.11.2018